Аштықтан зардап шеккендер саны 11 миллионға артты

0
76

Әлемде ашыққан адамдар саны бір жыл ішінде 11 миллион адамға артқан. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, жер бетіндегі 124 миллион адам аштықтың ауыр зардабын тартып отыр.
Бұл деректер 22 наурыз­да жарияланған БҰҰ-ның баян­дамасында айтылған. Жалпы әлемдегі аштыққа қақ­тығыстар, экстремальды ауа райы жағдайы мен онымен байланысты азық-түлік баға­сының қымбаттауы көп себеп болады. Айталық, 18 елдегі, оның ішінде 15 ел Африка мен Таяу Шығыста орналасқан мемлекеттердегі әскери қақтығыстар жағдайды қиындатқан. «Ашыққан адам­дар саны Мьянма, Нигерия­ның солтүстік-шығысы, Конго Республикасы, Оңтүстік Судан және Йемендегі тараптар арасындағы теке-тірес пен тұрақсыздық есебінде өскен. Шығыс және Оңтүстік Африка елдеріндегі ұзаққа созылған құрғақшылық бұл тізімдегілердің санын арттыр­ған», – делінген халықаралық ұйымның баяндамасында. БҰҰ 2018 жылы Ауғанстан, Орталық Африка республикасы, Конго, Нигерия, Оңтүстік Судан, Чад өзені өңірлері, Сирия, Ливия, Мали сындық елдерде азық-түлік жетіспеушілігі байқалатындығын бол­жауда.

Жауап қалдыру