Армения премьер-министрі доғарысқа кетті

0
14

Жаңа қызметке 17 көкек күні тағайындалған Армения премьер-министрі Серж Саргсян доғарысқа кетуге өтініш берді, деп хабарлайды Арменпресс.
Бұл туралы дүйсенбі күні Армения үкіметі басшы­сының өзі айтқан. «Құрметті отандастар! Барлық Ар­мения азаматтары, аға буын мен жастар өкілі қа­рын­дастар мен аналар, аға­лар мен інілер, сіздерге ел басқарушы адам ре­тінде соңғы сөзімді айтамын. Никол Пашинян дұрыс қадам жасады. Мен қателесіппін. Бұл мәселенің бірнеше шешімі болды, бірақ мен оның ешқайсысына бар­маймын. Бұл мен жа­сайтын нәрсе емес. Мен ел басшылығынан, яғни Ар­мения премьер-министрі лауазымынан бас тартамын. Көшедегі халық маған қар­сылық білдіруде. Мен сіз­дердің талаптарыңызды орын­даймын. Біз өмір сүріп жатқан елге бейбітшілік пен үй­лесім және қажетінше ақыл-парасат тілеймін», – деді Серж Саргсян.
Еске сала кетсек, Арме­нияда президенттік орын­тақтан түсіп, премьер-ми­нистр ретінде сайланған Серж Саргсянға қарсы 10 күн­ге жуық жалпыхалықтық қар­сылық шеруі өткен бо­латын.

Жауап қалдыру