Арктиканың байлығы 1 трлн долларға бағаланып отыр

0
64

Арктиканың инвестициялық әлеуеті алдағы 15 жылдық жоспарға сәйкес 1 трлн долларға бағаланып отыр. Бұл туралы Арктика экономикалық кеңесі хатшылығының директоры Ану Фредриксон мәлім етті.
«Американың Guggenheim Partners компаниясы Аркти­каның инвестициялық әле­уетін алдағы 15 жылдық жос­парға сәйкес 1 трлн дол­ларға бағалап отыр. Осы­ған орай оған қажетті ин­вес­тиция салынуы керек. Фин­ляндияда өткен Аркти­ка бизнес-форумында Нор­вегия, Финляндия, Шве­дия және Ресей сияқты солтүс­тіктегі елдердің инвести­циялық әлеуеті кем деген­де 197 млрд долларға баға­ланды. Бұл дегенің өте үлкен қаржы», – деді ол. Ану Федриксон сонымен қатар көмірсутек нарығындағы соңғы жылдарда кездескен қиындықтарға да тоқталып өтті. «Баға құлдырап бара жатыр деп айта алмас едім. Баренцев аймағы­ның инвестициялық әлеуеті энер­­гетикаға құрылған», – деді ол. Аркти­калық экономикалық кеңес – халықаралық ынты­мақ­­тастықты арттырып Арк­тиканы экономикалық да­мытуға бағытталған халықаралық бизнес-форум. 2013 жылы құрылған кеңес құрамына сегіз арктикалық елдің, сондай-ақ алты ұйым­­ның 42 мүше-өкілі кіреді.

Жауап қалдыру