Қамауға алынғандардың саны белгілі болды

0
119

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мемлекеттік төңкеріс жасау ісіне қатысты қамауға алынғандардың жалпы санын жария етті.

Анкара қаласындағы бас-шылық құрам алдында жасаған баяндамасында ол әскери төң­керіс жасауға қатысы бар 43 мың адамның қамауға алын­ғанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, 93 000 мемлекеттік қызметкер жұмыстан шетте­тілген. Бұған үстеме ретінде түрік президенті: «Тазарту жұмыстары әлі аяқталған жоқ», – деп қамауға алы­натындар мен қызметінен босатылатындардың қатары әлі де көбейе түсетінін аңғартып өтті. Айта кетейік, былтырғы жылдың 16-шілдесінде түрік елінде әскери төңкеріс жасауға талпынған көтерілісшілер мен бір топ үкімет мүшелері Ердоғанды тақтан тайдырмаққа бел байлаған болатын. Қарулы қақтығыс кезінде 240-тай жан қаза тауып, 2000-ға жуығы жарақат алған еді

Жауап қалдыру