Ғалымдар мидың жұмысын жақсарту әдісін тапты

0
163

Канаданың Макгил университеті мен HRL Laboratories зерттеушілері үйренуге қабілеттілікті жоғарылататын құрылғы жасап шығарды. Мидың электрлі стимуляторын АҚШ Қорғаныс министрлігі нәтижелі зерттеу жобаларының басқармасы қаржыландырған.
Құрылғыда есте сақтау, зейін және шешім қабылдау секілді когнитивті функцияларға жа­уап беретін үлкен ми сы­ңа­ры­ның префронтальды қыр­­тысына әсер ететін тұрақ­ты тоқ қолданылады.
Жаңа құрылғы мидың түрлі бөліктеріндегі байланысты ны­ғайтып, тез үйрену қабілетін жоғарылатады. Электродтар бас­қа хирургтің араласуынсыз бекінеді.
Құрылғыны сынақтан өткізу үшін ғалымдар макакаларға тәжірибе жүргізген. Олар визуальды белгілер арқылы тамақтың қай жерде жатқанын анықтауы тиіс болды. Белгілер мен тамақтың арасындағы байланысты анықтап үйрену үшін жануарлар 22 талпыныс жасады. Алайда тұрақты тоқты пайдаланғаннан кейін небәрі 12 талпыныстан кейін үйренген.
Зерттеушілер бұл әдіс мақұл­данып, болашақта белсен­ді қолданылады деген үмітте.

Жауап қалдыру