Алмазбек Атамбаевқа бірқатар айып тағылды

0
86

Қырғызстанның Жогоргу Кенештің депутаттары елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыруды ұсынды. Жогоргу Кенештің депутаттары қандай фактілер бойынша бұрынғы Қырғыз президентіне айып таққысы келетіндерін айтты.
Осы мәселе қаралған депутаттық комиссиясында тиісті хатты депутат Талант Мамытов оқыды. Талант Мамытов өз сөзінде Атамбаев премьер-министр болған кезінде Ресейдің 123 азаматына қару бергенін, ол азаматтардың ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері болғанын айтады. Оның айтуынша, «ТНК Дастан» компаниясының жеке лауазымды тұлғалары­ның көмегімен ол ҚойТаш ауылындағы жер учаскесін заңсыз иемденген. Сол жер­де үй салған. Депутаттар соны­мен қатар қылмыс әле­мінде абыройы бар Әзиз Бату­каевты заңсыз босатып алғаны үшін Алмазбек Атам­баевқа айып таққалы отыр.
Сонымен қатар, Бас прокуратура Бішкек ЖЭО жаңғыртуы бойынша жоба­ның даярлығы мен оған қол қою кезінде жемқорлық фак­тісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Депутаттардың айтуынша, Атамбаевтың мәлім­демесі сол қылмысқа қатысы барын дәлелдей түседі. Атап айтқанда, бар­лық саяси шешім, сондай-ақ компанияны таңдау кезін­дегі келісімнің бәрін Атам­баев­тың өзі қабыл­даған.
Сондай-ақ экс-прези­дент­ке билікті озбырлықпен басып алды деген айып та­ғылуда. Депутаттардың пайым­дауынша, ол ұйым­дас­қан қылмыстық топ құрып, билік органдарының жұмы­­сы­на араласып отыр­ған.

Жауап қалдыру