Алкоголь қымбаттағанымен, сұраныс азаяр емес

0
54

Міне, бірнеше жыл бойы елде алкогольдік өнімдер бағасы тұрақты түрде өсіп келеді. Былтыр арақ бағасы бірден 45 пайызға қымбаттаса, соңғы үш тоқсанның қорытындысына сәйкес алкогольдік сусындар бағасы 10,8 пайызға өскен. Алайда қымбатшылық ішкілікке тұсау болмай отыр.
Аталған мерзім ішінде арақ 15,9 пайызға, шарап (вино) – 8,5 пайызға, сыра 8,3 пайызға қымбаттаған. Соған қарамастан алкогольдің ішкі нарықтағы сатылымы айтарлықтай өскені байқалуда. Үстіміздегі жылғы 7 ай қорытындысы бойынша арақтың сатылымы – 11,1%-ға, шарап 50,4%, коняк 50,7%, сыра – 8,4%-ға артқан.
«ҚазАлко» алкогольдік өнімдер сатушылары қауым­дастығының басшысы Әмірхан Қалиевтің айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда араққа сұраныс азайып, сыра тұтынушыларының саны артқан. Тәуелсіздіктің ал­ғашқы жылдарында спирт пен арақ өндіретін 52 кәсіпорын болса, бірнеше жылда бұл көрсеткіш 36-ға дейін кеміген. Ал бүгінде аталған салада 14-15 өндіруші жұмыс жасайды.
Алайда өндірушілер саны­ның азайғанымен, өнді­рілген өнім көлемі немесе ішкілік азаяр емес.
Төрткен
ҚЫЗЫЛЖАР

Жауап қалдыру