«Алибаба» интернет сауда алаңындағы рекорд

0
28

2017 жылғы 11 қараша күні сағат 24:00 болғанда «Алибаба» интернет сауда алаңында «Бойдақтар» күніне арналған жаһандық сауда-саттық тоқтатылды.
Электрондық коммерция алыбының сауда айналы­мы 168 млрд 269 млн юаньды (25,38 млрд доллар) құрады. Бұл жайлы Синьхуа хабарлайды. Бұл – бөлшек сауда саласындағы әлем рекорды болды. Ұялы телефондар арқылы жасалған сауда көлемі 90%-ды құрады. «Алипэй» (Alipay) арқылы төленген төлемдер мөлшері былтырғыға қарағанда 41%-ға өсіп, 1,48 млрд-қа жетті. Тауарларды жеткізіп беруге рәсімделген тапсырыстардың саны 812 млн (+23%) болды. Биылғы жаппай саудаға әлемнің 206 елінің 140 мыңнан астам бренді қатысты. Олар 15 млн-нан астам тауарды саудаға шығарған. 24 сағаттық онлайн саудаға әлемнің 225 елінен интернет пайдаланушылар қатысты.

 

Жауап қалдыру