Алқа билер Царнаевты кінәлі деп тапты

0
78

Бостондағы алқа билер отырысы 2013 жылдың 15-сәуірінде болған лаңкестік оқиғаға Джохар Царнаевтың кінәсі бар деген айыптау үкімін шығарды.
Алқа билердің осынау ше­ші­мін аймақтық соттың судьясы Джордж О’Тул жариялады. Цар­наевқа адамдарға қар­сы қа­ру қолда­нып, оның соңы кі­сі өлі­мі­мен аяқталғаны үшін айып та­ғылып отыр. Ал, ағайын­ды Цар­наевтардың ұйымдас­тыр­ған жа­рылысы салдарынан бар­лы­ғы 3 адам қаза тауып, 264-і жара­ланды.
Джохар Царнаевтың ұлты шешен, өзі Қырғызстанда туылып, он жылдан астам уақыт Ресейде өмір сүрген. Оған қарсы 30 айып тағылып отыр, 17-сі бойынша Царнаев өлім жазасына кесілуі мүмкін.
Джохар Царнаевтың қор­ғау­шы­лары сот отырысы кезін­де айып­та­лу­шы­ның жары­лыс­қа қа­ты­сы бар екенін мойындады. Дегенмен, бұл әрекетке ол ра­ди­калды көзқарастағы аға­сы Та­мер­лан­ның ықпалымен бар­ған­ды­ғын ескеруді өтінді.
Енді алқа билер Джохар Цар­наев­қа қатысты жазалау үкі­мін таң­дауы керек. Болжам бойынша, ол не өлім жазасына ке­сіледі, не өмі­рі­нің қалған уа­қы­тын түрмеде өткізеді. Ал, соңғы сөз­ді сот 13 сәуір кү­ні басталатын сот отырысы барысында оқитын болады.

Жауап қалдыру