«Аэрофлот» ұшағы турбуленттік жағдайға тап болды

0
119

Ресейден Таиландқа бет алған «Аэрофлот» әуе компаниясының ұшағы Бангкок әуежайына апатты жағдайда қонды. Тайланд астанасына қонарда лайнер үлкен ауа кеңістігіне түсіп кеткен және бірнеше жолаушы айтарлықтай жарақат алған.
ТЖ кезінде қауіпсіздік бел­беуін тақпаған жолаушылар орындарынан ұшып кетіп, төбеге соқтығысқан. Әсіресе, кіреберісте отырғандар кө­бі­­рек зардап шеккен: кей жолау­шылардың бел омырт­қалары зақымданған. Куәгерлердің айтуынша, жағ­дайды ушық­тырып алмау үшін жарақат алған жолаушылар дәрігерлер келгенде ұшақ еденінде жатты. Ұшақтың аударылуы, дәлірек айтқанда ауа кеңістігіне түсіп кетуі — көтергіш күштің күрт төмендеуіне әкеп соғатын қа­лыпты әуе ағынының бұзуы­луынан туындайды. Со­ның салдарынан ұшақтың тұмсық жағы немесе артқы жағы көтеріліп кетеді немесе бір жаққа қисайып, төменге құлдырауы да мүмкін.

Жауап қалдыру