Адамдардың ойын оқитын құрылғы жасалды

0
75

Массачусетс технологиялық институтында адамның ойын оқитын құрылғы пайда болды. American University инженерлерінің зерттеуі туралы Science Daily басылымы жазды. «AlterEgo құрылғысы адамның айтатын сөздерін оқи алады. Бұл құрылғы ауызша сөйлеу арқылы нейроталшықтарының сигналдарын жазады. Нейрондық желі сигналдарды арнайы сөздермен салыстырып, талдау жасайды», – делінген мақалада.
Зерттеу барысында, бір­қа­тар сынақтар өткі­зілген. Баян­дамада шах­мат ойы­ны­мен жасалған тә­жі­ри­бе си­пат­талған. Ойын­шы қар­сыласының жасайтын әре­ке­тін ойша ком­пьютерге жі­беріп, жақсы қадам­дар­да­ғы жауаптар алған.
AlterEgo-ны жасаушылар, бұл құрылғыны әскери мақ­сатта және денсаулық сақтау жүйесінде, когни­тив­ті бұзылыстары бар адам­­дармен байланысу үшін пай­далануға болады деп са­найды. Бұған де­йін Кали­форния универ­си­те­тінің ға­лым­дары да адам ой­ларын оқуға ар­нал­ған құ­рыл­­ғы жа­са­ған. Са­рап­­шы­лар­дың ай­туын­ша, бұн­дай құрыл­ғылар сөй­лей ал­­май­тын адам­дарды жат­тық­ты­рып, ды­быс шы­ға­ру мүм­кін­дігіне үй­рете ала­ды.

Жауап қалдыру