АҚШ желідегі парақшаларды тексермек

0
71

АҚШ президентінің әкімшілігі америкалық визаға өтініш берген азаматтардың әлеуметтік желілердегі белсенділігі жөнінде ақпарат жинамақ. Бұл жаңа талапты мемлекеттік департамент ұсынған. Енді АҚШ визасын алуға өтініш білдірген азамат әлеуметтік желілердегі аккаунттары жөнінде ақпарат беруі тиіс. Азаматтар соңғы бес жылдағы әлеуметтік желілердегі аккаунттары жөнінде деректі ұсынуы қажет. Жаңа талап жылына шамамен 14,7 млн адамға қолданылуы мүмкін.
Сонымен қатар, визаға өтініш білдіргендер соңғы бес жылда қайда барғаны, телефон нөмірі, электрондық почтаның адресі туралы да ақпарат беруі тиіс. Сондай-ақ олар қай елден шығарылғаны жөнінде әрі «туыстарының террористік ұйымдармен байланысы бар ма?» деген сұрақтарға жауап беруі керек.
Алайда бұл талап АҚШ-пен визасыз режим орнат­қан елдер: Ұлыбри­тания, Канада, Франция және Гер­манияға қолданыл­майды. Басқа елдің азаматтары, яғни аталған елмен визасыз режим орнатпаған мемлекет­тер Үндістан, Қытай, Мек­сиканың азаматтарына аталған талап қолданылуы мүмкін. АҚШ билігі жаңа шектеулер террористерді анықтауға мүмкіндік береді деген пікірде.

Жауап қалдыру