АҚШ Түркияға қарсы санкция жарияламақ

0
168

Ресейден С-400 зенит зымырандарын сатып алмақ болған Түркияға АҚШ тағы да шүйлікті.
Түркияның қорғаныс істері жөніндегі министрі Хулу­саның С-400 қондыр­ғысын орната бастағаны жөніндегі мәлімдемесінен кейін, АҚШ-тың мемлекеттік департамент өкілі Морган Ортагус санкция салу жайлы сөз қозғай бастады. Ортагус егер Түркия аталмыш қаруларды Ресейден сатып алатын болса, санкцияның астында қалатынын айтып отыр. Атап айтқанда, АҚШ Түркияға сатпақ болған F-35 ұшағын беруден бас тартуы мүмкін. Ал Түркия АҚШ елімен F-35 ұшағын жасау бойынша халықаралық серіктестікте екенін алға тартып, С-400 қаруы аме­рикалық ұшақтарға еш қауіп төндірмейтінін айтып отыр.

Жауап қалдыру