АҚШ: Ресей сепаратистерге жаңа қару-жарақ берді

0
78

АҚШ билігінің мәлімдеуінше, соңғы күндері Ресей қақтығысты тоқтату келісімі күшінде екеніне қарамастан Шығыс Украинадағы сепаратистерге жаңа қару-жарақ берген.
«Біз Ресей шекарасынан танк­тер, бронды әскери тех­ни­калар, ауыр артиллерия мен зымыран қондырғы­лары­ның өтке­нін рас­тай аламыз» деп мә­лім­деді АҚШ мемлекеттік хат­шы­сының Еуропа істері жө­нін­дегі кө­мек­шісі Виктория Нуланд сенат­тың ха­лық­ара­лық қаты­настар коми­те­ті­нің тың­дауын­да.
Мәскеу сепаратистерді қару­лан­ды­рып, Шығыс Украи­на­ға әс­кер жі­бе­ріп жатқанын үнемі мо­йын­да­май­ды. Ну­ланд­тың ай­туын­ша, АҚШ Мәс­кеу қақ­ты­ғыс­ты тоқтату шартын бұз­са немесе жаңа терри­тория­лар­ды ба­сып алған жағ­дайда қо­сым­ша санк­циялар салу туралы еу­ро­па­лық серік­тес­те­рімен жаңа диа­лог бас­та­ған.
Шығыс Украинада әскери іс-қи­мыл­дарды тоқтату келісі­мі 15-ақ­панда күшіне енген. Ке­лі­сім бойынша, Украина шека­расына реформалар мен билік­ті орталықсыздандыру ше­шімі заңды күшіне енгенде ғана ба­қы­лау орната алады.

Жауап қалдыру