АҚШ пен Еуроодақ арасында кикілжің туды

0
51

G7-ге кіретін мемлекеттер Американың алюминий мен болат импортына қатысты енгізген жаңа тарифтеріне қатысты наразылықтарын білдіріп, АҚШ-тың қаржы министрі Стив Мниучинді сынның астына алды. Ал Францияның министрі Бруно Ле Мэр бірнеше күннен кейін «сауда соғысы» басталып кетуі мүмкін екенін ескертті.
Ал Трамп твиттер парақ­шасында АҚШ-ты көп жыл бойы басқа мемлекеттер сауда саласында талап келгенін алға тартуда. Оның айтуынша, болатқа енгізген тариф америкалық ме­тал­лургтерді қорғап, ұлттық қауіпсіздік үшін ма­ңыз­ды рөл атқара алады. Со­нымен қатар АҚШ прези­денті америкалық фирмалар Еуропа мен басқа мемлекеттерде көп кедергіге тап болатынын жеткізіп, «Ақылдырақ болатын кез келді», деп жазды.
Ал өткен бейсенбі АҚШ-тың сауда министрі Уилбур Росс баж салығы болатқа 25 пайызға, алюминийге 10 пайызға артқанын айтты. Бұл өнімдер АҚШ-тың мұ­най өндірісінде, құры­лыс са­ласында кеңінен қолда­ны­латын шикізат саналады. Ал Канада, Мексика мен Еуроодақ 2017 жылы АҚШ-қа 23 млрд дол­лар тұратын болат пен алю­миний экс­порт­таған. Бұл Амери­ка­ның былтырғы жылғы болат пен алюминий импор­ты­ның жартысына жуығын қамтиды. 2017 жылы бұл екі металлдың импорты АҚШ-та 48 млрд долларды құраған.
Ростың мәлімдемесінен ке­йін Еуроодақ, Канада, Мекси­ка келіссөздер өткізді. Фран­ция президенті Эм­мануэль Макрон Трамптан аталған тариф­­терді «заңсыз» деп тануын сұрады. Ал АҚШ пре­зиденті Еуроодақпен жүр­гізі­летін сауданың балан­сын реттеу қажеттілігі туғанын айтты. Ал Еуроодақ болса америкалық 10 беттен тұратын тауарлар тізіміне тариф енгізді. Канада 1 шілде­ден бастап АҚШ экспортына 25 пайыздық тариф енгізе­тінін мәлімдеді. Бұл тариф­тер америкалық болат, тұ­ты­нушылық тауарлар мен, йогурт, кофеге қатысты бо­лады деген болжам бар.

Жауап қалдыру