АҚШ Иран ядролық келісімінен шықты

0
10
WASHINGTON, DC - JUNE 30: (AFP OUT) U.S President Donald Trump looks on during a meeting with South Korean President Moon Jae-in in the Oval Office of the White House on June 30, 2017 in Washington, DC. President Trump and President Moon will hold an Oval Office meeting and then give joint statements in the Rose Garden. (Photo by Olivier Douliery - Pool/Getty Images)

АҚШ президенті До­нальд Трамп «Иран терроризм­ді қолдап отыр» деп сынад­ы. Оның сөзінше, Иран келісі­мін қайта қа­рау керек немесе мүл­де тоқтату қажет.
Мамыр­дың 8-і күні АҚШ президенті Дональд Трамп арнайы мәлімдеме жасап, Вашингтон Иран келісімінен шығатынын мәлімдеді. «Келісім Иранға ядролық бағдарламасын кеңейтуге мүмкіндік жасады. Келісімнің негізі жалғандыққа құрылды. Иранның уәделері алдамшы болды. Бізде дәлел бар. Бұл жақсылық әкелмеген біржақты шешім болды. Егер бұл келісімде қалып, ары қарай жалғастыра берсек, Таяу Шығыста ядролық қару жарысы басталады», – деді Трамп.
Трамп егер Тегеран ойы­нан қайтса, жаңа келісім тура­лы сөйлесуге дайын екенін айтты. «Келісім Иранның ядролық бағдарламасын да­мытып қана қоймай, ядролық күшін арттырды. Ке­лісімді қайта қарау керек немесе мүлде тоқтату қажет. Батыс елдері қазіргі келісімге көніп отыра берсе, Иранды тоқтата алмайды», – деді АҚШ президенті. Трамп «Иран терроризмді, соның ішінде «Хезболла», «Хамас», «Талибан» және «Әл Каида» ұйымдарын қолдап отыр», – деп мәлімдеді.

Жауап қалдыру