АҚШ БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінен шығады

0
22

АҚШ БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі құрамынан шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы Вашингтонның шешімін маусымның 19-ы күні АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жариялады.
«АҚШ БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңе­сі құрамынан ресми түр­­де шығады. Әйткенмен бұл қадам адам құқығы сала­сындағы (АҚШ-тың) міндет­теме­лерінен бас тартуды білдірмейтінін айтқым ке­леді», – деді Хейли. Хей­лидің сөзінше, Вашинг­тон мұндай шешімді өткен жыл ішінде БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңе­сіне реформа жүргізуге шақыр­ған талпыныстары «елеусіз қалып, еш нәтиже бермеген соң» қабылдаған.
«Біз мұндай қадамға (адам құқықтарын сақтауға) бейілдігіміз өзге мүдделер үшін адам құқықтарын мазаққа айналдырған екі­жүзді ұйымның құрамында қа­луға төзбейтіндіктен барып отыр­мыз», – деп мәлімдеді ол.
Хейли әлемде адам қ­ұ­қықтарының жағдайы на­шар күйде қалып отырған елдердің бірі Конгоның БҰҰ Адам құқықтары жөнін­дегі кеңесінің құрамына қабылданғанын мысалға келтірген. Бұған қоса АҚШ өкілі Венесуэла, Куба мен Қытай тәрізді адам құқық­тарын сақтамайтын елдер де кеңеске мүше екенін айтқан. Сонымен бірге, Хей­лидің сөзінше, егер Адам құқықтары жөніндегі кеңеске қажетті реформалар жүр­гізіліп, өзгерістер жаса­латын болса, онда АҚШ болашақта осы кеңес құра­мына қайтадан енуі мүм­кін. Өткен аптада Reuters агент­тігі аталған ұйымға рефор­ма жүргізу туралы келіс­сөздер нәтижесіз аяқтал­ғаны тура­лы хабарлаған болатын.

Жауап қалдыру