2001 жылы 11-қыркүйекте Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда үйінің қос ғимаратына жолаушы ұшақтарымен жасалған шабуыл бүкіл әлем жұртшылығының есінде. 3 мыңға жуық адамның өмірін жалмаған қанды оқиғаға да міне, 14 жыл толыпты. Ілесе АҚШ пен оның одақтастары Ауғанстанды бомбалай жөнелді. Осы «террорлық актіге» алғашқы күндерден-ақ күмәнім болатын. Оқиғадан төрт күннен соң «Қазақстан-1» телеарнасының «Ақшам» ақпарат бағдарламасынан берілген сараптамалық шолуымда «Халықаралық терроризм қауіпті құбылыс екені рас. Белгілі бір күштердің саяси құралына айналып бара жатқан терроризммен күрес мәселесін «Гордий түйіні» тәрізді қылышпен тартып жіберіп шешуге болмас. Өйткені – оның тамыры тереңде. Және оның ең басты тамырларының бірі басқада емес, сол АҚШ-тың өзінде жатқан тәрізді…» деп періп жіберіппін. Бұл үшін басшылықтан сөгіс естігенім де бар. Бірақ айтпағым – өмір сол 11-қыркүйек апатын АҚШ Орталық барлау бюросы Сауд Арабиясының қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып жүзеге асырғанын дәлелдеді!
Тарих ғылымында себеп, сылтау және салдар дейтін ұғымдар бар. Мұсылман дінінің әлемге дендеп қанат жаюынан және мұсылман елдерінің экономикалық қуатының артуынан сескенген (бұл себеп) АҚШ пен оның одақтастары ХХІ ғасырдың басында ислам елдеріне шабуыл жасаудың сылтауын іздестірді. 1933 жылы Германияда фашистік төңкеріс жасау үшін Рейхстагтың өртелгені тәрізді жұртқа «сұмдық» оқиға қажет болды. Қолдан жасалған 9/11 оқиғасы мұсылман елдеріне қарсы «үшінші крест» жорығын бастаудың таптырмас сылтауы еді. Таза халықаралық құқық тұрғысынан алғанда әлдебір террористік ұйымның қылмысына басқа мемлекет емес тек сол ұйым ғана жауап береді. Ал АҚШ қарадан қарап тұрған ислам елдеріне агрессиясын бастады да кетті. Сенбесеңіздер қараңыздар, еске түсіріңіздер, терактіден кейін Ауғанстанды басып алды, Иракқа, Либияға, Сирияға шабуыл жасады. Салдарынан жүздеген мың мұсылмандар қырылды, ислам елдерінің экономикасына орасан залал келтірілді.
9/11 оқиғасы қолдан жасалған дейтінім, ұшақ бортындағы авиакеросин жарылыс кезінде 800 градус температура береді. Ал ғимарат құрылысында пайдаланылған болат арматуралар 1600 градуста балқиды. Яғни ғимараттар ұшақ соқтығысынан емес, әр қабатқа алдын ала орнатылған бірнеше секунд сайын біртіндеп іске қосылатын бағытталған тротил жарылыстарынан ішке қарай жиналып құлаған. Оны зерттеушілер мен мамандар дәлелдеп шықты.
Дәл сол күні бірнеше қисынсыз жағдайлар орын алды. «Террористер» ұшақтарды басып алған сәтте бір мезгілде әуежайларда авициялық кеңістікті бақылау және күзету қызметінің компьютерлері бір мезгілде бәрі істемей қалған. Кейбір деректерде қос ғимаратта жұмыс істейтін 400-ден астам еврей азаматтарының бірде бірі сол күні жұмысқа шықпаған. Жарылыс алдында ғимараттағы ірі компаниялардың есепшоттарынан миллиондаған қаражат басқа көздерге аударылған. Қос ғимарат тұрған жердегі Жетінші ғимарат бес сағаттан соң өзінен өзі жарылып, құлаған.
Осы оқиғаны бүге-шігесіне дейін зерттеп, Кіші Буш үкіметінің 11-қыркүйектегі оқиғаға тікелей қатысы барын ресми жариялауға ұмтылып жүрген АҚШ әуе күштерінің экс-капитаны Филипп Маршалл суретте 2013 жылы 11 наурызда 14 жасар қызы және 17 жасар ұлымен бірге белгісіз жағдайда қаза тапты. Біреулер итімен қоса үшеуін атып кеткен. Оның қолында 11-қыркүйек оқиғасын АҚШ үкіметі жанкешті террористер жаттықтырылған Сауд Арабиясы қауіпсіздік қызметімен бірлесіп жасағанын дәлелдейтін құжаттар болыпты…
Марат ТОҚАШБАЕВ
«Президент және Халық»