3D-принтерден шыққан бас сүйек сәбиді құтқарды

0
36

Аустралияда дәрігерлер сирек кездесетін аурумен ауыратын сәбиді емдеу үшін 3D-принтерден бас сүйегінің көшірмесін жасап шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
София мұрны бітеліп, тыныс алу жолында қиындықтары бар сирек кездесетін аурумен туған. Баланы емдеген хирургтер 3D-баспа технологиясының көмегімен оған көмектесуді ой­лайды. Сөйтіп олар қара­пайым хирургиялық құрал­­дардың балаға ота жасау кезінде қауіпсіз болатынын тексеру үшін қыздың бас сүйегінің кө­шір­месін жасауды мақсат етеді. Олар 3D-принтерден шыққан бас сүйекке сынақ жүргізіп көрген. Сол кезде дәрігерлер үлкендерге арналған құралдардың бала үшін тым үлкен екенін анықтап, құлақты ем­дейтін құралдарды қол­дануды дұрыс деп табады.
Дәрігерлер болжағандай, операция сәтті өтеді. Маман­дардың айтуынша, енді бала­ның толық жазылуы үшін тағы бір ота жасалуы қажет.

 

Жауап қалдыру