Варлама монастыры

0
49

Талай сырды бүгіп жатқан грек жерінде аскеттік өмір сал­тын ұстанған Варлама атты монах 1350 жылы теңіз дең­гейінен 600 метр биіктіктегі Метеор жартасының ұшар ба­сына шығып, ша­ғын мо­нас­­тыр салады. Алайда оның жо­лын ешкім жал­ғас­тыр­май, мо­нах өмірден өті­сімен, шір­кеу қаңырап бос тұ­рады. 200 жылға жуық уақыт еш­кім­нің назары аумаған құл­шы­лық орны ағайынды Феофан мен Нектариос атты мо­нах­­тар­ды қызықтырып, олар мо­нас­­­тырды жөндеп, қай­тадан жандандырады.
Алай­да жартастың басына құ­рылыс материалдарын жет­кізу оңайға соқпайды. Олар ар­қанға себетті байлап, сол арқылы 22 жыл бойы құрылыс материалдарын жоғарыға та­сыған. Бүгінде монастырда 7 монах тұрады. Басты жол мен монастырды тар көпір жалғап тұр. Құлшылық орнының ау­ма­ғындағы жанға жайлы саябақта рухани демалып, діни әңгіме тыңдағысы келетіндер жиі жиналады.

Гүлнұр СӘЛІМБАЙ

Жауап қалдыру