Эль-Хазне кесенесі

0
12

Эль-Хазне кесенесі – ежелгі Петр қаласында (қазіргі Иордания аумағы) орналасқан бірегей сәулет ескерткіші. «Перғауындардың қазына қой­масы» аталып кеткен кесене ғалымдардың пайымынша б.з.д. І ғасырда немесе б.з І ғасырында салынған. Сәулет туын­дысының биіктігі 40 метр. 2 мың жыл бұрын адамдардың қарапайым құрылыс құрал­дарымен жартасты қашап, кесіп, осындай алып әрі сән-салтанаты жарасқан құры­лыс нысанын салуы таңдай қақтырады. Ғалымдар кесене өзеннің бұрынғы арнасы­ның орнында салынған деп есеп­тейді. Құрылыс жұмыс­тары жүрер­де өзен арнасын бұрып, бірнеше тоған қазылған көрінеді. Жергілікті арабтардың арасында тараған аңызда кесененің жоғарғы-орта тұсындағы күмбезде және бағаналарда алтын, қымбат тастар жасырылған делінеді. Тағы бір аңызда белгісіз мысырлық перғауынның қызы дәл осы кесенені қазына сақтайтын қойма ретінде пайдаланғаны туралы айтылады. Қазір Иорданиядағы туристер көп баратын орындардың біріне айналған кесене құрылысының сыры көптеген тарихи сәулет ескерткіштері сынды әлі күнге адамзатқа беймәлім.

Жауап қалдыру