Баальбек

0
82
B36D32 Temple of Bacchus at Baalbek Lebanon. Image shot 2008. Exact date unknown.

Баальбек – Либандағы ескі қала. Бейрут қаласынан 80 шақырым қашықтықта орна­ласқан. Бұл көне қала жайлы деректер өте сирек. Қала ежелгі дәуірден бері өмір сүрсе де ең алғашқы деректер Александр Македонскийдің б.з.д 332-жылы Финикияны жаулап алуы кезіндегі қалалар жайлы мәліметтерде кездеседі. Финикия жаулап алынған соң бұл жерлер толық Птолемей әулетіне қарап, қала аты Баалу және Дионис құдайларының құрметіне Баальбек аталған.
Баальбек қаласының ерек­шелігі оның құрылысында қолда­нылған алып тас бөл­шектері. Мұндағы алып тастар­дың орташа салмағы 300 тоннаға жетеді. Ал ең алып тас бөлшегі 1000 тоннадан жоғары. Бұл тастар Баальбек қаласын алып құрылыстар қатарына жатқызады. Мысалы, Мысырдағы Хеопс пирамидасында қолданған тастардың орта­ша салмағы 2,5 тоннаны құрайды.

Жауап қалдыру