150 қасқырдың ортасында

0
24

Қытайдың Санжы облы­сына қарасты Жемсары ауда­нында «Қасқырлы сай» деп аталатын аң­ғар бар. Иаң Шаңшың есім­ді 71 жастағы қария осы аң­ғарда қасқыр баға­ды, деп хабарлайды ҚазАқ­па­рат.

Қытайдың Тянь-Шань ақ­па­раттық порталы қас­қыр ба­ғатын қарияның өмірі­мен танысып қайтты.

«Қасқырлы сайда» 8 тұ­қым­нан тараған 150-ден аса қас­қыр бар. Қария қас­қыр­лар­мен күнін көңілді өткізетін кө­рінеді.

Қарттың айтуынша, ол бөрі тұқымын ең алғаш қазақ досының үйінен көріпті. Шын­жырлап байлаулы тұрған бөл­тірікке жаны ашып, оны досынан бағуға сұрап алған екен. Оның қасқыр бағуға деген ынтасы осыдан бас­­талған. Алғашында туыстары қарсылық танытқанымен, оның жабайы жыртқышқа деген құмартушылығына еш­кім тосқауыл бола алмаған. Бүгінде ол үлкен аңғарды жалға алып, арнайы бөрі бағатын орынға айналдырған.

Жыртқыштардың азығына жылына 100 мың юан ақша жұмсалады. Бұл шығынды ол өзінің жеке бизнесімен ақтайды.

«Жабайы аңдар да адам­дардың жанашырлығын сезі­не­ді және лайықты жауап та қайтарады. Қасқырлар өз сүйіспеншілігін адамға жа­қындап аяғына оралып, ақы­рын тістелеу арқылы біл­діреді», – дейді қария.

Жауап қалдыру