Желбіреп тұрсын байрағым

0
98

Астана кім қызықпас келбетіңе,
Әдемі көрік берген жер бетіне.
Сәулетті ғимараттар көз тартады,
Есілдің жағасында тербетіле.

Айбынды, асқақтаған алып тұлғаң,
Сырына сұлулықтың қанықтырған.
Астана – Ақордасы Қазақстан,
Әлемге ұлтымызды таныттырған.

Талайды табындырған алып тұлғаң,
Астана шабыт үшін жаратылған.
Ұмтылған ұлылықты сенен танып,
Төрінен көп көңілдің орын алған.

Сарыарқа – қасиетті, киелі жер,
Төсінде Астанам сен көркейе бер.
Желбіреп, тұрсын биік көк туымыз,
Бірлігі, ынтымағы нығайып ел.

Бақыт ИСАЕВА
ҚР Мәдениет қайраткері

Жауап қалдыру