Жарыстан жүлдемен оралды

0
24

Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен XXXVI Халықаралық «На творческом Олимпе» атты фестиваль-байқауында Алматы облысының өнерпаздары бірнеше жүлде жеңіп алды, – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталмыш шараға, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен барлығы 300 өнерлі жас қа­тысты. Жан-жақтан келіп қа­тысқан өнерпаздар сыналған байқауда қазақ елінің абыройын халықаралық деңгейде танытып жүрген Алматы облысы Жамбыл ауданының өнерпаздары құр алақан қайтпады.
Аудан өнер мектебінің фортепиано сыныбының оқушылары жеке «Аспапта орындау» номинациясы бойынша Дарын Темірболат, Еркежан Қалимова І дәрежелі лауреат, домбыра сыныбының оқушысы Мұрат Азамат І дәрежелі лауреат, флейта сыныбынан Әлия Темірбулатова ІІ дәрежелі лауреат, ансамбльмен орындау номинациясы бойынша Дарын Темірболат мен Әлия Темірболатова І дәрежелі лауреат, хореография сыныбынан «Халық биі» номинациясы бойынша Ғания Дулатқызы ІІ дәрежелі лауреат және ең үздік киім үлгісі марапатына ие болды.
Сонымен қатар, «Салют талантов» шығармашылық бірлестігі, оқу­шылардың шығармашылық әле­уетін дамыту және еліміздің мәдени мұрасын сақтауда қосқан үлесі үшін, өнерпаздардың жетекшілерін марапаттады.
Өнер мектебінің директоры Жанар Өмірбекқызының айтуынша, бұл байқау өте жоғары деңгейде өт­кен.
– Сочи қаласында өткен бай­қау өте жоғары деңгейде ұйым­дас­тырылған. Іс-шара барысында әр өнер­пазға ерекше көңіл бөлініп, жай­лы жағдай жасалды. Бұдан бас­қа, бұл шара әділ және ашық өт­ті, – деді ол.
Айта кету керек, мектеп ұжымы алдағы уақытта Санкт-Петербург қаласындағы «Суперфиналға» ат­танбақ.
Кәусар ИМАНЖАН

Жауап қалдыру