«Үздік мәдениет мекемесі»

0
81

Таяуда Талдықорған қала­сын­да «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» болып Бикен Римова атындағы облыстық дра­ма театры танылды. Бұл тура­лы облыс орталы­ғында өткен мәдениет және өнер қыз­мет­керлері күніне байланысты салтанатты шарада белгілі бол­ды, – деп хабарлайды Алма­ты облысы әкімінің баспасөз қыз­меті.
Жеңімпаз театр ұжымына ар­найы диплом мен «УАЗ» автокөлігінің кілті табыс етілді.
Бұдан бөлек аталған театр осы шарада ТМД Парламентаралық мемлекеттер ассамблеясы қа­тысушыларының төс белгісімен және Құрмет грамотасымен де марапатталды.

Жауап қалдыру