«Текті сөздің төресі» белгілі болды

0
62

Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастыруымен 7 қыркүйекте Бостандық ауданы әкімдігінің мәжіліс залында  «Текті сөздің төресі – терме» қалалық байқауы өтті.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, талантты жастарды жан-жақты көтермелеу, «жыр-терме» ұлттық жанрын жастардың арасында кеңінен  насихаттауды мақсат еткен шара орындау шеберлігін игерген 16-35 жас аралығындағы азаматтардың басын қосты.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Рақымбай Данияр жеңіп алды. І орын Нұрбек Жүзбембетовке бұйырса, ІІ орынды Есхат Нұрәли, ІІІ орынды Ұлжан Ағлақова еншіледі.

Бұдан бөлек «Ғибратты ой» номинациясында Жұлдық Ысқақов үздік деп танылса, «Сөз сергері» наминациясы Қуаныш Алтыбаевқа бұйырды.

Қуанбек Елбол мен Рауан Ерсілов ынталандыру сыйлығына ие болды.

Байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың терме орындаушылық шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударылды.

 

Төрткен ҚЫЗЫЛЖАР

Жауап қалдыру