Театр басшылары есеп берді

0
99

8 қаңтар күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде еліміздегі республикалық театр­лардың басшылары өткен жылы атқар­ған жұмыстары жайында есеп берді, деп хабар­лайды ҚазАқпарат.
М.Әуезов атындағы Қа­зақ мемлекеттік акаде­мия­лық драма театры ди­рек­торының міндетін ат­қарушы Сәбит Әбдіқа­лы­қовтың айтуынша, театр ұжымы өткен жылдың 11-18 шілдесі аралығында Францияның Авиньон қала­сында өткен «Авиньон-2018» халықаралық фестиваліне қатысқан.
– М.Әуезов театры осы фестивальге қазақ елі­нің атынан қатысып, өнер көрсеткен бірінші өнер ұжымы саналады. Фести­вальде белгілі литуа­лық ре­жиссер Йонас Вайт­кустың режис­­сер­лығы­мен Иран-Ғайыптың «Қор­қыт» қойы­лымы сахналанып, театры­мыздың бетке­ұс­тар туындысын, шығар­­ма­дағы түркілік мәдениет­тің доминанттарын, бай фольклорлық мұрасын жоғары көркемдік деңгейде француз аудиториясына паш етті. 72-ші рет өткен Авиньон фестиваліне қа­тысу театр үшін жақсы тәжірибе болды, – деді ол.
Ал Ғ.Мүсірепов атын­дағы Қазақ мемлекеттік ака­демиялық балалар және жасөспірімдер театры директорының міндетін атқарушы Азамат Сатыбалды театр репертуарында 41 қойылым бар екендігін айтты.
– Оның 29-ы ересектерге арналған қойылым болса, 12-сі балаларға арналған ертегілер. Жалпы, қазіргі өркениетке ұм­тылу, жан-жақты даму кезеңінде байырғы ұлттық құн­­дылықтарымызды сақ­тай отырып, жаңа заман жетістіктері мен ата-дәс­түрімізді сабақтастыра «Рухани жаңғыруға» жол сала білдік, – деді Азамат Сатыбалды.

Марлан ЖИЕМБАЙ

Жауап қалдыру