Түркиядан жүлдемен оралған ақындар

0
50

Қазақ әдебиетінің әлемдегі кеңістігі жыл санап кеңейіп барады. Талантты қаламгерлеріміздің тың шығармалары шетел баспаларынан жарық көріп, өзге ұлт өкілдерінің рухан қажеттігін өтеуде. Бұл ретте еліміз Тәуелсіздік алған кезде алғаш бізді елімізді әлем халықтары арасынан бірінші болып мойындаған түбіміз бір Түрік ағайындар болса, қазақ көркемсөзінің құлашының кеңеюіне осы елдің әдебиетшілері қамқор болып келеді.
Оның айқын айғағы түркі ха­лықтары ақындарының «Хазар шиир ақшамлары» атты ха­лықаралық поэзия фестивалін айтуға болады. Жуырда Түркияның Елазық қаласында мәдени шара өз мәресіне жетті. Осымен 23-ші рет өткізіліп жүрген шараға біздің елімізден Қазақстанның Түркиядағы Ел­шілігінің шақыртуымен «Ан-Арыс» баспасының бас редакторы, ақын Кәдірбек Құныпияұлы мен «Мөлдір бұлақ» журналы бас редакторының орын­­басары, «Серпер» сый­лы­­ғының лауреаты, ақын Саят Қамшыгер қа­тысып қайтты. Әр жыл сайын Шы­ғыстың бір ақынына, не танымал тұлғасына бағышталатын поэзия фестивалі бұл жолы Әлішер Науаидің құрметіне арна­лыпты. Қазақстан, Қыр­ғызстан, Әзірбайжан, Татарстан, Гагаузия, Түркия, Косово, Ирак сияқты бірнеше мемлекеттен келген ақындар 4 күн бойы Елазық аспанын өлең-жырға бөлеген.
Шайыр БАЙЫНҚОЛ

Жауап қалдыру