Қос суретші көрмесі

0
123

Қазақстан Республикасының Орталық Мемле­кеттік музейінде ARTSPACEkz көркем өнер галереясының авторлық стилистикасы жағынан әрқи­лы екі суретшісі – Зульхайнар Қожамқұлов мен Абдуахат Мұратбаев туындыларының «Біз замандастарыңызбыз!» атты көрмесі ашылды.

Көрменің ашылуында Ор­та­лық музей директоры­ның орынбасары Бейбітқали Қақа­баев, белгілі актёр, театр және кино режис­се­рі, Қазақстанның Еңбек Ері Аса­нәлі Әшімов, Дін­мұ­хам­мед Ахмедұлы Қонаев­тың жиен қарындасы Жаннет Серікбаева, қазақтың бұлбұл әншісі КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сый­лығының лауреаты Би­бігүл Төлегенованың қы­зы Гүзел Төлегенова, өнер­танушы, ARTSPACE.kz көркем өнер га­лереясының кура­торы Ка­милла Ли құттық­тау сөз сөй­леді.
Композициялық көрме екі бөліктен тұрады: кескіндемелік жұмыстар мен мүсіндік арт-объектілер. Әсіресе, Зуль­хай­нар Қожамқұловтың му­зейдің кіреберісінде орна­ласқан, металдан жасалған «Бұқа» және Абдуахат Мұрат­баевтың «Қуаныш», «Адам Ата – Хауа Ана» сәндік композициялары көп­тің назарын өзіне аударады. Шығармалар айрықша көр­кем айқындылығымен ерек­шеленеді, көркемдік пі­ші­ні жағынан қазіргі заман үшін көкейтесті болып табы­ла­ды.


Мұндай арт-объектілер түр­лі жастағы қала тұрғын­да­ры, қатары жыл санап көбейіп келе жатқан Қазақ­стан қонақтары мен саяхат­шылар үшін тартымды жерге айналуы мүмкін. Олар әрдайым келушілердің қы­зығушылығын тудырып, авторлық ұжымның дарынын ғана емес, көкейтесті эстетикалық талаптарға сай келетін қазақстандық өнер­дің деңгейін де паш етеді.
Көрмеге 80-нен астам жұмыс қойылған. Солардың ішінде суретші, мүсінші, Зульхайнар Қожамқұловтың Қазақ­станның көрнекті тұлға­ларының – Дімұхаммед Қо­наевтың, Нұрсұлтан На­зарбаевтың, Бауыржан Момыш­ұлының, Олжас Сү­лей­меновтың, сондай-ақ қазақ эстрадасы мен кино­сының жұлдыздары Шәкен Ай­ма­новтың, Шәмші Қалдая­қовтың, Бибігүл Төлегенова­ның, Роза Рымбаеваның, Ба­тыр­хан Шүкеновтың және басқа да көптеген тұлға­лардың портреттері бар. Сон­дай-ақ суретші, график Абдуахат Мұратбаевтың жарқын кескіндеме жұмыс­тарына орын берілген. Оның шығармаларында қазақтың ұлттық образдары модернизм ағымымен үйлесім тапқан. Суреттің әр бөлшегі маңызды және өз мәні бар.
Шара үстіміздегі жылғы 30 қазанға дейін жалғасады.

Нұргүл ИСКАКОВА,
ҚР Мемлекеттік
орталық музейі
Мәдени және білім беру бөлімінің қызметкері

Жауап қалдыру