Әнуар Тарақ – 60 жаста

0
113

Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әнуар Тарақ мерейлі 60 жасқа толып отыр. Ол 1956 жылы 23-сәуірде Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шалкөде ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітіргеннен кейін 1980-1990 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, 1990-1992 жылдары «Парасат» журналында, 1992-2000 жылдары «Алматы ақшамы» газетінде қызмет істеген.
Қазіргі уақытта қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінде ұстаздық қыз­мет атқарады, әдеби ғылы­ми-зерттеу жұмыстарымен айналы­сады. Филология ғылым­дары­ның докторы. 1998 жылы «Өлең-толғаулар және тарихи жыр-дас­тандардағы Абылай хан тұлғасы» атты тақырыпқа кандидат­тық, ….. жылы …. атты тақырыпта докторлық диссер­тация қорға­ған. 1996 жылы Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты болған.
Қазір ғылыми, педагогикалық жұмыспен шұғылданады. Өлең­­дері «Баспалдақтар», «Ата­мекен» деген ұжымдық жинақтарға енген, 2014 жылы «Жүрек жалқыны» атты жыр жинағы жарық көрген. Бірнеше әндерге сөз жазған. Сондай-ақ, ол біздің республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің белсенді авторы. Белгі­лі ақын-ғалым, еліміздің руханият әлемінде қажымай-талмай еңбек етіп келе жатқан әріптесіміз Әнуар Тарақты осынау мерейлі жасымен шын жүректен құттықтай отырып, жаңа шығармашылық табыстар тілей­міз!

Жауап қалдыру