Әйда, Қасым, Қасымхан!

0
74

Тұңғиық мәңгі, жабырқау жанды
сан күйге салды, сан қырлы, сырлы жыр-өрнек
Сергітіп тәнді, қаусырып алды… бұл жырлар
көкейде «дерт» боп жүрер көп.
Мерейтойлық жоралғымен,
Біз де айтайық бірер «кеп».
Әйда, Қасым, Қасымхан!

Әйда, Қасым, Қасымхан!
Ұлы есімің – Асылхан!
Жасыма да тасыма
Жәй отындай жырыңды
Ұқпады деп тасыр, паң.

Кісілігің кіршіксіз,
Кішілігің мүлтіксіз.
Пейіліңде қылау жоқ,
Бекіредей қылтықсыз.
Сырт айналған сатқынды
Сарт соғасың мылтықсыз!

Көлгірсуге қаны қас,
Қара нардың бірісің.
Жантықтардан жаны лас,
Биік тұрар ірісің.
Көп болса ақын көп болсын,
Сен де өлеңнің пірісің.
Әйда, Қасым, Қасымхан!

Сыйлағанды сыйлайсың,
Тазалықтың құлысың.
Сөзден жауһар жинайсың,
Бекзат бітім – тұрысың.
Арамза, залым, арсызды,
Аямай түйреп, турайсың.
Мен осылай дегенмен
Қасыңды да, сен, бірақ,
Қиястыққа қимайсың.

Қатарының ерені,
Халқының дүр өрені,
Өлең ғана, отты өлең,
Сенен бізге керегі!
Әйда, Қасым, Қасымхан!

Осы айтылған кәусардан,
Астар іздеп алқынба!
Неге айтты деп одан да,
Мәнін ойла, талпын да!
Әйда, Қасым, Қасымхан!
Зәкір АСАБАЕВ

Жауап қалдыру