Фотоөнердің құдіреті

0
128

Фотоөнер Қазақ жұртында енді дамып келе жатқан өнердің түрі. Десек те, қазіргі таңда қазақстандық фотосуретшілер шетелдің шеберлерімен теңесіп келеді. Мәселен, Нұртаев Таймас Қуанышұлының таңғажайып суреттері кәсіби деңгейде түсірілген.
Т.Нұртаев Бішкек қаласында дү­ниеге келіп, 60-жылдары Қазақстан­ға көшіп келген бола­тын. Оның фо­тоөнерге деген қызығушылығын же­рі­міздің табиғаты тудырған. Алғаш Хан Тәңірі тау шатқалдарын көргенде, сұ­лулыққа ғашық болғаны соншалық, оны көрермендерге жеткізу үшін, әдемі кадрларды қамтуды жөн са­на­ған.


Ағымдағы жылдың 12 көкегінде ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде сурет­шінің көрмесі өтті. Онда оның табиғатқа арналған жұмыстары қо­­йылған. Қазақстанның әсем таби­­ғатымен қатар, Біріккен Араб Әмір­лігі, Непал, жер бетіндегі ең ірі шөл дала – Сахара, әдемі аралдардың бірі – Гренландия, тарихи Италия және Исландия, Қытай, Норве­гиядағы Лофотен аралы, Аргентина мен Бразилия, Чилидегі Гаучо салт аттылары, Кенияның жан-жануарлары т.б. жиырма шақты елді-мекендерді аралап, әр жердің табиғатын шебер түсіре білген.


Көрменің ашылу сал­танатында мәде­ниет сала­сының майтал­ман­­дары сөз сөйлеп, Т.Нұртаев кел­ген көрер­менге алғысын айтты. Тай­мас Қуанышұлы: «Менің көрмені ұйым­дастырудағы мақсатым – еліміздің табиғаты өзге жұрттың таби­ғатынан кем еместігін дәлелдеу болатын», – деп қысқа қайырды. Алматы қаласының өнерге рухы жақын тұр­ғындары көрмені аса қы­зы­­ғушы­лықпен тама­шалап жат­ты.

Албина ТУЛАКОВА,
«P&H»

Жауап қалдыру