Фестиваль ізденіске бастайды

0
122

Қай театрды болса да шыңдайтын шығармашылық ізденіс. Ал мұндайда қай театрдың қандай биіктікке жеткендігін театр фестивальдері сияқты өнер додалары көрсетіп жатады. Елімізде тек соңғы жылдарда ғана ондаған халықаралық, республикалық, өңірлік фестивальдер өтті. Бұған драматургтердің мерейтойлық театр фестивальдерін қосыңыз. Мұн­дай байқаулар театр ұжымдарын шығармашылық тұрғы­да шыңдайды, қайратын тасытады, алға қарай құлшынды­ра­ды. Бұл–ұжымдық деңгейдегі шеберлік сынып­тары. Сахна әлемінде керемет жетістіктерге жет­кен өнер ұжымдары өз өнерін үлгі етіп ұсынады. Тоқырау­ға ұшырап қалмаудың айласын қарастырады. Яғни театр фестивальдері–өте қажетті, өнер бәсеке­лес­тігін қалыптастыратын орта.

Үстіміздегі жылы Елорда тойы қарсаңында астана қала­сын­да ұйымдастырылған «Сахна­дан сәлем!» атты Халық­аралық театр фестивалі осын­дай бір үлкен дәстүрлі өнер бай­қауы­ның бастамасы іспетті көрін­ді. Оны фестивальге қа­тысу­шы­лар ауқымының кеңді­гі де дәлелдейтін тәрізді. Өнер додасына қатысқан 13 театр ұжымының арасында Қ.Қуанышбаев атындағы ака­де­мия­­лық қазақ музыкалық драма театры (Астана қ.), Ақмола облыс­тық орыс драма театры (Көк­ше­тау қ.), Маңғыстау облыс­тық қуыршақ театры (Ақ­тау қ.), Ж.Аймауытов атын­да­ғы Павлодар облыстық қа­зақ музыкалы драма театры, Қос­та­най облыстық орыс драма театры, Астана қаласының қуыр­шақ театры, Ғ.Мүсірепов атын­дағы Қазақ мемлекеттік акаде­мия­лық балалар мен жас­өс­пірім­дер театры (Алматы қ.), М.Горький атындағы мем­ле­кеттік орыс драма театры (Ас­тана қ.) және Түркияның Эрзу­рум мемлекеттік театры мен Ресей­дің Махачкала қаласынан кел­ген М.Горький атындағы Респу­бликалық орыс драма театры болды.
Фестивальде Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жас­өс­пірімдер театры жақсы әсер қал­дырды. Т.Ахтановтың «Кү­шік күйеу» қойылымын Астана жұртшылығына мерекелік тарту еткен ұжым шығармашылық із­деністің үнемі жалғаса беретін­дігін дәлелдеді. Ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты өзек еткен сахналық шығарма ұлттық ерекшеліктердің жойыл­мауы маңызды екендігін алға тартады. Театрдың танымал өнер шеберлері –ҚР еңбек сіңір­ген әртістері Лидия Кәденова мен Гүлжамал Қазақбаева бас­таған ұжым «Жастар Одағы сый­лығының» лауреаты Жанар Мақашева, Бақыт Тушаев, Да­нияр Базарқұлов, Ербол Са­дырбаев, Сания Ерзат, Бей­біт Камаранов сынды жас әртіс­тер­дің ойынын қызыға тама­ша­ла­ды.
Қ.Қуанышбаев атындағы қа­зақ музыкалық театрдың режис­сері Б.Ұзақов фестиваль жайлы өз пікірін былай білдірді:
– Фестиваль кезінде күніне 2-3 қойылымнан көрсетіліп жат­ты. Қамтылған жанрлар да әр түр­лі болды. Драма, трагедия, коме­дия, қуыршақ театры деген­дей түрлі қойылымдар біз­ді өте тәнті етті. Жұртшылық пікірі­не құлағымыз түрік. Кел­ген қонақтар мен театр сарап­шы­­лары­ның берген бағалары жоға­ры. Кемшіліктер де айттыл­ды. «Сын түзелмей мін түзелмесі анық». Жалпы фестиваль қызықтылығымен, әралуандығымен ерекшеленді. Жас өнерпаздарды шыңдауда фестивальдер өте маңызды.
Өз басым Жанат Хаджиевтің «Күшік күйеу» спектакліне тоқталғым келеді. Спектакльді бұрын да, осы жолы да көрдім, қашан болса да айтылатын ойын, тыңғылығын жоғалтпаған шығарма. Қазақ көрермендері үшін шығармада көтерілетін мәселе қоғамдағы әйелдердің, ер адамдардың орны және тіл мәселесі, жастардың үлкенді сыйлауы, жаңашылдыққа ұмтылуы –өте өзекті тақырып.
Фестиваль туралы тағы айтар болсам – өте биік деңгейде өткен басқосу. Сондықтан орын белгілемегеніміз сондықтан. Келген қонақтар барынша ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Айзат Қадыралиева, театртанушы
–2 рет өтіп жатқан «Сах­надан сәлем!» атты ха­лық­­аралық театр­­лар фести­валі­–бізге керек дү­ние. Себебі, осын­дай фес­ти­­валь барысында бір­-бірі­­нің қойылымдарын кө­ріп, пікір алмасады. Өзара байи­ды. Әйтпесе күнделікті өмір­де әр­тіс­­­тер бір қаладағы қойылым­ды екінші қаладан іздеп ба­рып көруге мүмкіндіктері бола бер­мей­ді. Көбіне тек ре­жис­сер­­­лер ғана облыстық театр­лар­­­ға барып тәжірибе алма­сып жүреді. Бұл фестиваль сол жағы­нан керек. Киноға қара­ған­­да театрдың бағыты басы­мы­рақ. Жанат Хаджиевтің Жез­қаз­­ған театрында қойған «Әбілман­сұры» маған ұнады. Қазақы на­қыш­­та иісі аңқып тұрды.
Комедия – қашанда күрделі жанр болғандықтан халықты күлдірте білуі керек деймін. Ж.Хаджиевтің режиссурасымен қойыл­ған «Күшік күйеу» спек­так­лі тұтастай алғанда маған ұна­ды. Бірақ әттеген-айлары жоқ емес, артық көріністер көп. Күлкіні де өзіне құрал етіп тұр­ған адам ішінен қынжылуы керек. Қойылымда осы жағы жетіс­педі. Ал жалпы спектакльді ұс­тап тұрған екі актриса – Ли­дия Кәденова мен Гүлжамал Қазақ­баева. Жастар әлі де болса із­денсе деген ойдамын.
Амангелді Мұқан, өнер­тану ғылымының канди­да­ты, театр­танушы:
– «Қазақстанда 60-тан астам театр бар. Театрлардың әртүрлi деңгейдегi фестивальдерi тұрақ­ты өтiп тұрады. Сол фестиваль­дердiң қатарына қосылып отыр­ған «Сахнадан сәлем» халық­ара­лық фестивалiнiң орны ерек­ше. Фестивальдiң басты мақ­­саты – жаңа шығармашылық дүние­лердi көрермен назарына ұсыну, кә­сi­би мамандар арасында өз­ара пiкiр алмасу, сахнадағы жаңа­лық­тарды көрсету. Осындай өнер мерекесiнде өзара тәжiрибе ал­ма­су­ға болады. Сондықтан да театр қайраткерлерi үшiн бұл фес­ти­вальдiң орны ерекше. Жас қала – Астана төрiнде өтiп жатқан фес­тиваль өзiндiк бет-әлпетiн қалып­тастырып, әрi қарай дең­гейiн арттырып, жаңаша ба­ғыт-бағдар ұстайтынына, театр­лар картасында өзіндік орны бола­тын­­дығына, күнi ер­тең әлем­дiк деңгейде көтерi­летiн­дi­гi­не сенiм­дiмiн.
Мәншүк Тәшімова, театр­тану­шы:
– «Күлтөбенің басында күн­де жиын» болғанға не жет­сін! Бұл басқосу «Театр тойы­на» айналды. Бәрін айт та бірін айт, әр театрдан бір қойы­лым көргеннің өзінде жалпы Қазақ­стан театрларының тыны­сын сезі­н­уге аз-мұз мүм­кін­дік­тер ту­ды. Бұл да болса бай­тақ Қа­зақ­станның түкпір-түк­пірін­­де жатқан театр ұжым­дары­­ның бірін-бірі көріп, шүйір­келесе сыр­­ла­сып, шығармашылық­тары­­­ның байыбын байқап, тәжі­ри­бе алмасуға үлкен мүмкіндік бер­ді.

Гүлназ ӘДІЛҒАЛИҚЫЗЫ,
өнертанушы

Жауап қалдыру