«Есіңе мені алғайсың…»

0
166

Жуырда Алматы қаласындағы еңселі білім ордаларының бірі – «Профессор Рузуддиновтың Медициналық-стоматологиялық коллед­жінде ақиық ақын М.Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш өткізілді.
Кешті колледждің кәсіби қазақ тілі және қазақ әдебиет пәнінің оқытушылары Акима Рузденова мен Арайлым Ахметова ұйымдастырды. Шара директордың жалпы мәселелер бойынша орынбасары Сәуле Абдилдаева және директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Лейла Жантелиеваның ізгі тілектерімен ашылды.
Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әрқилы. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Осы орайда қыран тағдырлы ақын Мұқағали Мақатаевтың өмір жолынан хабар беретін бейнематериалдар көпшілік назарына ұсынылды.
Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезгендей. Оған ақынның «Есіңе мені алғайсың» атты өлеңі дәлел емес пе?! Кеш жалғасы ретінде ақынның ту­ған жерге, елге, халқына, Отанына, ана тіліне арналған өлеңдері оқылды.
Ақынның көптеген шығар­маларына қазақтың атақты композиторлары ән шығарғаны белгілі. Кеш барысында мұзбалақ ақын өлеңдеріне жазылған әндер орындалып, көрермендерді бір серпілтті.
«Поэзия махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиіс» – дейді Мұқағали Мақатаев. Талай жүректі лүпілдеткен лирикалық өлеңдерімен қатар, драмалық туындылары да Мұқаңда аз емес. Осы ретте ақын өлеңдерінен достық пен жалынды махаббат көріністері қойылды.
Кеш аясында ақын шығарма­лары­нан кітап көрмесі ұйым­дас­тырылды.
Осылайша, медицина маман­дығын таңдаған білімгерлер әдебиет пен өнерден де қалыс еместіктерін көрсетті.

М.АСЖАНОВА,
Қ.САҒЫНБАЕВА.

Жауап қалдыру