Елге арнау

0
91

Жуырда Талдықорған қаласындағы І. Жан­сүгіров атындағы Мәдениет сарайында Ас­тана қаласының 20 жылдығына орай І респуб­ликалық «Елге арнау» атты жаңа өнер туын­ды­ларына арналған композиторлар бай­қауының Гала концерті өткізілді. Шара музы­ка­лық шығармалар мен патриоттық әндер жазылуына кең жол ашу, Отандық автор­ларды қолдау, республикалық өнер ұжым­дары, филармония мен концерттік бірлес­тік­тердің репертуарларын жаңа туынды­лармен толықтыру, өнер туындылары арқылы қа­зақстандық патриотизм мен ұлттық мә­дениетке деген сүйіспеншілікті қалып­тас­тыру, еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын мәдени өнімдерді жасауды мақсат тұтқан болатын.
Байқаудың ережесі еліміздің барлық облыстарына таратылды. Осы уақытқа дейін 2 номинация бойынша 48 өтінім келіп түскен екен. 20 сәуір күні қазылар алқасы қарап, шығармаларын тыңдап, іріктеді. Іріктеу кезеңінен І номинация бойынша 10, ІІ номинация бойынша 8 үміткер өтті. Ақтық сынға барлығы 18 үміткер жолдама алды.
Мазмұны терең, ұлттық өнеріміздің дамуына сүбелі үлес қосарлық байқаудың болашағы мен нәтижесі жөнінде республикалық, облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралы өкілдерімен өткізілген брифингте композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, «Қазақконцерт» директорының орынбасары алқа төрағасы Серік Еркімбеков, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әміре Әрін, композитор, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ермұрат Үсенов, композитор, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Бейбіт Оралұлы, композитор, Халықаралық байқаулардың лауреаты, Мемлекеттік ұлттық опера және балет театры «Астана Опера» оркестрінің артисі Алтынай Балтатегі ерекше тоқталды. Сонымен бірге, соңғы кездері жеңіл әндерден гөрі сөзі салмақты, әуені асқақ, патриоттық нақышта жазылған шығармалардың белең алып келе жатқандығы айтылды. Оркестрге арналып жазылған шағын музыкалық туындылардың бағыт-бағдары мен көркемдік сапасы уақыт талабына сай екендігі атап көрсетілді.
– Біздің бастамамызға ерекше қолдау көрсетіп, оны ұйым­дастыруға мұрындық болған Алматы облысының бас­шылығына дән ризамын. Оның өзіндік себептері де бар. Жетісу – ұлттық өнеріміздің қаймағы бұзылмаған жерұйық мекені. Оған қоса өңірде өнер мен мәдениеттің дамуына ерекше жағдайлар жасалған, – деді Серік Еркімбеков БАҚ өкілдерімен болған жүздесуде.
Одан кейін байқаудың қорытындысы шығарылып, үздік атан­ған шығармалардан Гала-концерт берілді. Жеңім­паз­дар­ға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлық­тар табыс етіл­ді.
Ғалым ЖАЗЫЛБЕКОВ.
«P&H»
Алматы облысы

Жауап қалдыру