Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы тағайындалды

0
60

2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы
Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін.
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 13 қараша № 261

Қазақстан Республикасы Президентінің
2018 жылғы 13 қарашадағы № 261 өкіміне ҚОСЫМША
Мемлекеттік
стипендия иегерлері
2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың дербес құрамы
Әдебиет қайраткерлері
Айтхожа Марфуға – 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері
Ақсұңқар Серік – 1950 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ахметова Күләш – 1946 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Әбдікұлы Төлен – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Әлімбекұлы Толымбек – 1954 жылы туған, сатирик
Әшімов Әкім (Әкім Тарази) – 1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Әшіров Ахмет – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
Бөдешұлы Жәркен – 1944 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері
Гарькавец Александр – 1947 жылы туған, түркітанушы ғалым, қоғам қайраткері
Досанов Сәбит – 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері
Елеукенов Шериаздан – 1929 жылы туған, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері
Жолдасбеков Мырзатай – 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Жұмаділ Қабдеш – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы
Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері
Қосылбеков Дидар – 1969 жылы туған, жазушы, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қыдырханұлы Уахап – 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері
Мұханбетқалиұлы Қажығали – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
Мырзахметұлы Мекемтас – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Ниязбек Рәпілбек – 1943 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Нұрпейісов Әбдіжәміл – 1924 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Оразбаев Иранбек – 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері
Оспан Сейфолла – 1938 жылы туған, ақын, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Рәш Мыңбай – 1930 жылы туған, ақын, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері
Салғараұлы Қойшығара – 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Сарай Әнес – 1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Сәдуақас Тортай – 1954 жылы туған, ақын-жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Сегізбай Кәдірбек – 1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Смадияров Бекзат – 1992 жылы туған, ақын
Сүлейменов Олжас – 1936 жылы туған, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты
Фроловская Татьяна – 1943 жылы туған, ақын, әдебиеттанушы, аудармашы
Ыдырысов Әбілфайыз – 1930 жылы туған, жазушы

Өнер қайраткерлері
Абдулина Айша – 1916 жылы туған, Қазақ­станның халық әртісі
Абубахриева Мукарам – 1983 жылы туған, балетмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Адамжан Бақтияр – 1992 жылы туған, балет солисі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
Ахметова Шайза – 1948 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
Аюханов Болат – 1938 жылы туған, хореограф-балетмейстер, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Әбжанова Анара – 1986 жылы туған, суретші
Әмір-Темір Хусеин – 1940 жылы туған, актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Әшімов Асанәлі – 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Әшірбекова Роза – 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
Байсейітова Раушан – 1947 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Давыденко Оксана – 1984 жылы туған, опера солисі
Дайыров Еркебұлан – 1986 жылы туған, актер
Дүйсекеев Кеңес – 1946 жылы туған, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
Еслямова Самал – 1984 жылы туған, актриса, 71-ші Канн кинофестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы
Жаманбаев Базарғали – 1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Жуков Роман – 1988 жылы туған, актер
Зұлхаш Чапай – 1938 жылы туған, актер, режиссер, «Құрмет» орденінің иегері
Имаханов Бекен – 1936 жылы туған, актер, Қазақ ССР-інің халық әртісі
Имашева Баян – 1941 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі
Қалықова Саида – 1985 жылы туған, пианист
Камалиев Қабыкен – 1939 жылы туған, опера әншісі
Клушкин Юрий – 1937 жылы туған, музыкант, Қазақстанның халық әртісі
Қастеев Дәурен – 1979 жылы туған, суретші
Қастеева Зарема – 1947 жылы туған, балерина, Қазақстанның халық әртісі
Қосыбаева Тамара – 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
Мәлібекұлы Жандарбек – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы
Мышбаева Нүкетай – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Нүсіпжан Нұрғали – 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері
Нұрмолдаев Серік – 1987 жылы туған, өнертанушы
Обаев Есмұқан – 1941 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Омаров Қанат – 1988 жылы туған, дирижер
Оразбаев Сәбит – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Өтекешова Меруерт – 1951 жылы туған, кино және театр актрисасы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері
Өтепберген Аян – 1992 жылы туған, актер
Померанцев Юрий – 1923 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Разиева Гульвира – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
Садықова Анвара – 1982 жылы туған, хореограф-ұстаз
Сақиева Күләш – 1920 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
Тасыбекова Торғын – 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі
Төлегенова Бибігүл – 1929 жылы туған, әнші, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Тыныштығұлова Сара – 1942 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Уәлихан Шот-Аман – 1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Хасанғалиев Ескендір – 1940 жылы туған, әнші-композитор, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Школьный Арий – 1926 жылы туған, кескіндемеші, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері

Жауап қалдыру