Дала дүлдүлдерінің ізімен

0
187

Ақын, жыршы-тер­­меші Бейбіт Шоша­баев отыз жылдан бері хал­қына қалтқысыз қыз­мет етіп келеді.
Өткен сенбі күні Жамбыл облысының жұртшылығы меркілік ақын, жыршы-термеші, Қа­­зақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ұлт қай­рат­­кері Бейбіт Шоша­баев­тың 60 жылдығына арналған «Мерейлі Меркі мекенім» атты шы­ғармашылық кездесуіне куә болды. Алдымен аудандық мә­дениет сарайының фоэсінде ақынның «Жүректегі жыр тол­қындары» атты кітабы мен «Мерейлі Меркі меке­нім» атты үн таспасының тұсау кесеру рәсімі өткізілді. Кітапқа ақынның соңғы жылдарда шығарған және орындап жүрген бірқатар шығармалары енгізілген. Таралымы 1000 дана екен. Ал мәскеулік «Дастан» фирмасынан 100 мың данамен шыққан үнтаспасына сазгер жыршы-термешінің ең таңдаулы дүниелері жинақ­талыпты.
Бейбіт Сейтімбетұлы Шошабаев отыз жылдан бері өнер саласына еңбек сіңіріп келеді. Әскерден оралған бойда Тараздағы мәдени-ағарту училищесінде оқып, одан кейін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмәмдайды. Т.Рысқұлов ауданында мәдениет үйіне қызметке тұрып, кейіннен Құлан ауданының мәдениет үйінің директоры қызметін атқарды. Содан соң Құлан ауданының орталық саз мектебінде айтыс және жыршылар мектебін ашты. Бірнеше жылдан соң туған жері   Меркі ауданына ауысты. Аудандық Мәдениет үйінде қызмет етті.
Оны халық құрметіне бөлеп келе жатқан ақындық қуаты, суырып салма айтыс өнеріндегі тапқырлықтары, жағымды әуезі. Сүйінбай, Жамбыл, Кенен салған жыршылық-термешілік өнер жолы Бейбітке де құт болып дарыды. Ол өзін әйгілі суырып салма ақын, термеші Аяз Бетбаевтың шәкірті санайды.
Бейбіт Сейтімбетұлы аудан­дық, облыстық, респуб­лика­лық, ақындар айтысының бір­не­ше дүркін жеңімпазы. 1996 жы­лы Ұлы Жамбыл баба­мыз­дың халықаралық ақын-жыр­шы­лар байқауының лауреаты. 1999 жылы Астанада өткен үлкен шарада Еуразия Ұлттық Универ­ситетінің алтын медаліне ие болды. 2002 жылы Алматыдағы «Нұрлы Әлем» баспасынан 2 мың таралыммен «Меркі менің мекенім» атты кітабы жарыққа шықты. 2004 жылы 50 мың таралыммен шыққан үнтаспасы Астана, Алматы, Қарағанды, Шым­кент қалаларында лезде таралып кетті.
Өнер тұлғасы кездесу барысында арнау өлеңімен, жыр-термелерімен шашу шашты. Жалпы Меркі жері ұлттық құн­ды­лықтарымыздың рухани қай­­нар бастауы болған төл өнеріміздің алтын бесігі десек артық айтқандық емес. Төтеннен төге сөйлеген шешендері мен жалынды жыраулары, көмейіне бұлбұл ұялаған күміс көмей жезтаңдайлардың да бақ дарып, құт қонған өлкесі бұл.
Бейбіт Сейтімбетұлы еңбек жо­лындағы жоғары табыс­тары үшін Қазақстан Респуб­лика­сының Мә­дениет қайраткері атанды. Ол Қазақ Ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының профессоры, Алматы облысы, Балқаш ауданы және Кербұлақ ауданының құрметті азаматы. 2016 жылы Меркі ауданының Құрметті азаматы атанды.
Аудандық мәдениет үйі­нің жанынан құрылған «Мер­кі әуендері» ән-би ансамб­­лінің фольклорлық этногра­фия­лық тобы сахнада ән төгілтті. Саз­гердің «Жан Анашым», «Іңкәр сезім» әндері тыңдау­шы­ларға керемет әсер сыйлады. Әсіресе Бейбіттің өзінің орындауындағы «Аяз ақын алыбым» термесіне жұрт дуылдата қол соқты. Жұрт ақынның шәкірті Бақытбек Мақсұтов екеуінің сурыпсалма қақтығысуына, шәкірттері Мұ­қағали Балтабай мен Мейіржан Жекебайдың айтысына ри­за­шылық сезімдерін білдірді.
Тәуелсіз, рухы биік, байрақты елде,
Риза халқы Сіздей бір қайраткерге.
Елінің қадірлеген Ел ағасы
Тәңірім жүз жас берсін ардақты ерге! – деген жыр жолдары шығармашылық кез­десудің басты лейтмотиві де­се болғандай. Салтанатта «Prezident & halyq» газетінің бас ре­дакторы Марат Тоқашбаев Бейбіт Шошабаевтың өнердегі жолы туралы тебірене баян­дады. Қазақ мәдениетінің қай­раткеріне Жамбыл облыстық әкімшілігі мен облыстық мәс­лихаттың өкілдері, облыс­тың Мойынқұм, Шу, Жуалы, Бай­зақ және Т.Рысқұлов аудандары мәслихаттарының, Алматы облысының Қарасай, Іле, Балқаш аудандық мәсли­хаттарының хатшылары құт­тық­тау лебіздерін білдірді. Жер­лестері ақынға темір тұлпар мінгізді.
Бейбіт Сейтімбетұлы өмір­лік жан серігі Ғалия Аман­гел­діқызы екеуі алтындай ұл-қыз тәрбиелеген өнегелі отбасы. Жұбайы екеуі екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді. Үлкен ұлдары Бегзат Атырау қалалық прокуратурасында бөлім прокуроры болса, қызы Қарлығаш Алматыда мектеп мұғалімі, кіші ұлдары Ақай 5 сыныптың үздік оқушысы. Жерлестері арасында өз өнерімен үлкен бедел, зор абыройға ие болған ақын, жыршы-термеші өз биігін халықтың қолдауымен байланыстырады. Ол өзінің қарапайым еңбек жолын кейінгі ұрпақ үшін өнеге мектебіне айналдырып бірнеше шәкірт, ізбасарлар тәрбиеледі. Дала дүлдүлдерінің ізінен ерген қаншама жас таланттар бар. Олар да өлмес өнердің арнасында халыққа қызмет етуде. Меркіде өткен салтанат қазақ өнерінің даңғыл жолда екендігін көрсетті.

М.ЖАНЫСБАЕВ.
Жамбыл облысы
Мерке ауданы.

Жауап қалдыру