Дәстүрлі «Абай әлемі» республикалық фестивалі

0
84
????????????????????????????????????

90 жылдық тарихы бар университетіміздің білім мен тәрбиенің ажырамас бірлігін қамтамасыз ететін «ұлттық тәрбиеге» сүйенген классикалық дәстүрлері қалыптасқан. Себебі педагогикалық университеттің бүгінгі шәкірттері ертең өз ісіне мығым, білікті маман ғана емес, Қазақстанның болашағы – жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелей білетін ұлағатты ұстаз болып қалыптасуы шарт.
Тұңғыш жоғары оқу орны­ның жазба әдебиеттің алыбы, ойшыл философ Абай атымен аталуы да заңдылық. Абай әдебиеттің ғана емес, жалпы қазақ руханиятының қайнар көзі әрі ұмтылып жетер шыңы деуге келеді.
Абай өмірі мен мұрасын терең тану мақсатында «Абай­тану» кабинет-мұра­жа­йы ашы­лып, сту­дент­тердің прак­­тикалық жұмысына пай­да­ланылуда. Ақынның сөз мар­жандары мен ой жау­һар­ларын студент жас­тардың бо­йына сіңіру мақсатында жыл сайын «Абай айтады…» ак­циясы мен «Абай сый­лы­ғына» пәндік олимпиада өткі­зіліп тұрады.
Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында екі жылда бір рет «Абай әлемі» республикалық жастардың өнер фестивалін өткізу дәстүрге айналып, биылғы жылы да өз жалғасын тапты.
Екі күнге созылған білім мен өнер фестивалі «Абай өлеңдері», «Абайдың қара сөздері», «Абай әндері» бай­қаулары бойынша жүр­гізіліп, рес­публикамыздың 22 жо­ғары оқу орнынан 106 үміткер бақ­тарын сынады.
Фестивальдің ашылу сал­танатында арнайы сөз сөй­леген университетіміздің рек­торы, профессор Такир Ос­панұлы Балықбаев білім ор­да­мызда Хәкім Абайдың мұ­расын насихаттау бағы­тында атқарылып жат­қан жұ­мыс­тар туралы тілге тиек етіп, барша қатысушыларға сәт­тілік тіледі.
Салтанатты шараның шы­мылдығын Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері, М.Әуе­зов атындағы Қазақ мем­ле­кеттік академиялық дра­ма театрының актері Жал­ғас Тол­ғанбай «Абай моно­логы­мен» ашып, еліне ты­ны­штық пен бейбіт өмірді, адамзатқа бақытты ғана бейнесін көрсетті. Одан әрі шара университет өнер­паздарының қатысуымен кон­церттік бағдарламаға ұлас­ты.
Фестиваль байқауларына елі­міз­ге белгілі әдебиет­тану­шы ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, кәсіби ән­ші-сазгерлер мен тәжірибелі ғалым-ұстаздар әділ қазылық етті.
Байқау қатысушыларының бірі Хәкімнің сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, фило­со­фиядағы даналық дүние­танымын аша түссе, бірі өлеңдерін нақышына кел­тіріп оқып, әуезді әндерін тебі­рен­те орындады. Қы­зық­ты әрі тартысты өткен бай­қау қорытындысы бойынша «Абай­дың қара сөздері» аталымында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің сту­денті Асан Толқын жеңім­паз атанды. «Абай өлеңдері» бойынша Шәкәрім мемлекеттік универ­ситетінің студенті Али­на Сай­лау­бекова І орын олжа­лады.
«Абай әндері» байқауы «кә­сіпқой» және «әуесқой» орын­даушылар арасында өткізілді. Әуесқой орын­дау­шылар ара­сында Қа­зақ мем­лекеттік қыздар педа­гогикалық универ­ситетінің «Дарын» дуэті үздік шықты.
Кәсіпқой орындаушылар ара­сында Т.Жүргенов атын­дағы Қазақ ұлттық өнер ака­демиясының сту­денті Ал­мат Тұрлықожа І орынға ла­йық деп танылды.
Абай атындағы Қазақ ұлт­тық педагогикалық уни­вер­ситетінен «Абай өлеңдері» аталымында Шаттық Әб­диева ІІІ орын, «Абай әндері» бойынша әуесқой орындаушылар арасында Тәжмина Даниярқызы ІІІ орын және Олеся Хоменко ІІ орынды иеленді.
Жалпы әрбір байқаудың І орын иегері 150 000 теңге, II орын иегері 100 000 теңге, III орын иегеріне 50 000 теңге сыйақымен марапатталды. Әділ қазылар мүшелеріне де сый-құрмет көрсетіліп, университет бас­шылығы та­ра­пынан ақша­лай сыйақы табысталды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» ма­қа­ласында дәстүрлі өне­­рімізді рухани және мәдени жаңғырту үшін ең алдымен ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі сақтап қалуымыз тиіспіз деп атап өтті.
Біздің рухани мәдениетіміз Абай­дың даналығында, Әуе­­зовтің ғұламалығында, Жам­былдың жырлары мен Құр­ман­ғазының күйлерінде. Де­мек, тарихы терең ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлттық дәстүрімізді дәріптеу – басты мақсат.

Жанатбек ІШПЕКБАЕВ,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің тәрбие жұмысы және
әлеуметтік даму жөніндегі проректоры,
профессор.

Жауап қалдыру