Әбіш Әділбековтың жыр-кеші өтті

0
75

Кеше, 23 қараша күні Қа­зақтың Жамбыл атын­дағы мемлекеттік филармониясында жетісулық жыршы-термеші Әбіш Әділбековтың «Ұлтым деп өткен ұлылар» атты жыр-кеші өтті. Кеш­ті Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясы мен Арда­герлер Кеңесі ұйым­дас­тырды. Шара барысын­да Тұран этно-ансамблі, күйші Ержан Жәменкеев, Бекболат ансамблі жане күйші Бек­болат Әбдіберікұлы өнер көр­сет­ті.
Жыр-кешінде ХVІІІ-ХХ ғасыр­ларда ғұмыр кешкен, Қаблиса, Бақтыбай, Құлман­бет, Бөлтірік, Зарзаман Асан, Көдек т.б. ақын-жыраулардың бұрын еш жерде жария болмаған жыр-термелері және Абылайхан, Қабанбай, Райымбек, Сұраншы батыр дастандары жырланды.
Әбіш Әділбеков заңгер­лік­пен қатар ұлттық өнер саласында да өзіндік қолтаңбасы бар өнерпаз, бірнеше дүр­кін жыршы-термешілер кон­курстарының жүлдегері. 2014 жылы «Дастан» студиясынан батырлар жыры мен терме, толғаулардан тұратын, бабалар рухына арналған «Ұлт рухы» атты үн таспасы жарық керген.
Сондай-ақ 2016 жылдың мамыр айында Германияның Кельн қаласында өткен Еуропа қазақтары құрылтайына қатысып 14 мемлекеттен келген 2000-нан аса қандас бауырдың алдында жырдан шашу шашып, Абылай хан, Қабанбай, Райымбек, Сұраншы батыр дастандарын жырлаған.

Жауап қалдыру