Бір ғалым айтады:

0
31

Бес нәрсе бес нәрсемен білінеді:
– Ағаш – жемісімен білінеді.
– Әйел – күйеуі кедейленгенде білінеді.
– Дос – ауыр күнде білінеді.
– Момын – сынаққа түскенде білінеді.
– Жомарт – қажет болғанда білінеді.
Бес нәрсе бес нәрсені көтереді:
– Кішіпейілдік – ғалымдарды көтереді.
– Байлық – айыптауды көтереді.
– Үнсіздік – қателікті көтереді.
– Ұят – аxлақты көтереді.
– Әзіл – қайғыны көтереді.
Бес нәрсе бес нәрсеге жеткізеді:
– Көз – зинаға жеткізеді.
– Дәмету – өкінуге жеткізеді.
– Қанағат – разылыққа жеткізеді.
– Көп сапар шегу – танысуға жеткізеді.
– Тартысу – айырылысуға жеткізеді.
Бес нәрсе бес нәрсені әкеледі:
– Истиғфар – ризық әкеледі.
– Көзді тыю – парасат әкеледі.
– Ұят – жақсылық әкеледі.
– Жұмсақ сөз – мәселені әкеледі.
– Ғазаб – өкініш әкеледі.
Бес нәрсе бес нәрсені жояды:
– Жұмсақ сөз – ғазапты жояды.
– Аллаһтан пана тілеу – шайтанды жояды.
– Өзін жақсы көру – өкінішті жояды.
– Тілді тыю – қатені жояды.
– Дұға – тағдырдың жамандықтарын жояды.
Бес нәрсе бақытты жақындатады:
– Жақсылық етуші перзент.
– Салиxалы әйел.
– Адал дос.
– Момын көрші.
– Фақиһ ғалым.
Бес нәрсе бес нәрсемен ұлғаяды:
– От – бұтақпенен ұлғаяды.
– Күмән – жаман ойлауменен ұлғаяды.
– Сараңдық – жамандық жасаумен ұлғаяды.
– Дауласу – кешірмеумен ұлғаяды.
– Ағайының бөлінген арасы – xал сұраспауменен ұлғаяды.
Бес нәрсе бес нәрсеменен безендіріледі:
– Денсаулық – жақсы өмірмен безен­діріледі.
– Сапар – жақсы сұxбатпенен безен­ді­ріледі.
– Сұлулық – көркем мінезбен безендірі­леді.
– Ұйқы – дененің раxаттануымен безен­діріледі.
– Түн – Аллаxты еске алуменен безен­діріледі.
Аллаx тағала Құран Кәрімде әрбір мақсатқа қалай жететінімізді баяндаған:
– Ризықты талап етуде: «Жүріңдер»
– Намазға: «Жүгіріңдер»
– Жәннатқа: «Жарысыңдар»
– Ал Аллаһқа: «Аллаһқа қарай қашыңдар».

kerekinfo.kz

Жауап қалдыру