«Анадолыдан келдік» концерті

0
56

Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда Түркия мемлекеті Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Түркияның Қазақстандағы елшілігі және домбырашы, продюсер Назира Махамбетованың ұйымдастыруымен Түркия халық әртісі Сүмэр Эзгүнің «Анадолыдан келдік» атты жеке концерті өтті.
Концертте халық аспаптар оркестрі және сим­фониялық оркестр музыканттарынан құралған оркестр, халық бишілер тобы және вокалистермен бірге 32 өнерпаз өнер көрсетті. Кеште Сүмэр Эзгүнің орындауында түрік халқының дәстүрлі және лирикалық әндері орындалды. Сүмэр Эзгү халық әні «Қамажайды» қазақтың домбырашы қызы Назира Махамбетовамен бірге орындап, көрерменнің ықыла­сына бөленді.
Концертке Түркияның Сырт­қы істер министрлі­гі­мен қоса «KZ банк», «Ал­маты қонақ үйі», «Түрік әуе жолдары», «Best Our Travel», «Real Sound», «Temtur» сияқты компа­ниялар демеушілік етті. Кеш со­ңын­да Түркияның Қазақ­стан­дағы елшісі Ры­за Каған мырза сөз сөйлеп, әртіске қазақтың қара домбырасын сыйлап, алғысын білдірді.
Түбі бір түркі халық­тарының мәдениеті мен өнері және достық қарым-қатынасы дами берсін дегім келеді.

Талғат ҚОЖБАНОВ,
«Отырар сазы» оркестрінің әртісі

Жауап қалдыру