«Алтын қалам-2018» жеңімпаздары анықталды

0
23

Алматыда «Алтын қа­лам-2018» әдеби бай­қа­уының жүлдегерлері анық­талып, бағалы сый­лық­тармен мара­пат­тал­ды, деп хабар­лай­ды ҚазАқпарат тіл­шісі.
Барлығы 13 аталым бойынша 13 автор марапатталды. Байқаудың алғашқы кезеңінде www.akalam.kz веб сайты арқылы негізгі үміткерлер іріктелуі тиіс болатын. Аталған сайтта онлайн дауыс беру 1-қазанға дейін жалғасты.
Әр аталымға ең көп дауыс жинаған 5 автор іріктеліп алынды. Кейін сарапшылар мен белгілі жазушылардан құралған қазылар алқасы ең үздік шығарманы ба­сым дауыс бойынша таңдап ал­ды.
«Байқауымыздың сапасы да, жанрлық құрамы да өзгеріп ке­леді. Бірнеше елдің өкілдері қатысуда. Бізді қуантып жатқаны қазақ әдебиетіне тың өзгерістер еніп жатыр. Фантастика, детектив жанрларында да жақсы жаңалықтар бар. Байқауымыз жылдан жылға дамып, осындай жақсы сыйлықтарды лайықты азаматтар ала берсін», – деді белгілі саясаттанушы, байқауды ұйымдастырушылардың бірі Айдос Сарым.
Байқау авторлары келесі жылы үздік сатиралық шығармалар топ­тамасын шығаруды жоспар­лап отыр.
«Келесі жылы байқауымыздың өтіп келе жатқанына 10 жыл толады. Конкурс 2009 жылдан бері ұйымдастырылады. Жылдан жылға қатысатын шығар­ма­лар­дың саны артып отыр. Биыл­дың өзінде 900-ге жуық шығарма түскен. Алтын қалам – қазіргі қазақ әдебиеті шығар­маларының топ­тамасына, алтын қорына ай­налды. Келер жылы сатира жанрында осы уақыт аралығында келген 80 шығарманы топтас­ты­рып, кітап етіп шығаруды жос­пар­лап отырмыз», – деді Қуат Дом­бай.
«Жылдың үздік прозасы» аталы­мын талдықорғандық жазушы Ес­бо­лат Айдабосын, «Жыл­дың үздік кино сценарийі және драма­ту­р­гиясы» аталымын Дүйсен Кеңес, «Жыл­дың үздік балалар және жасөс­пірімдер әдебиеті» аталымы мен «Дарабоз» сыйлығын Бекен Ыбырайым, «Жылдың үздік сати­ра­сы» аталымын алматылық жа­зушы Қанағат Әбілқайыр, «Жыл­­дың үздік фантастикасы жә­не де­тективі» аталымын белгілі жур­налист Нұртөре Жүсіп, «Қазақ­тың үздік романы» аталы­мын тал­дықорғандық жазушы Ай­дын Кә­лімхан, «Жылдың үздік поэ­зиясы» аталымын Лариса Қал­ма­ғам­бетова жеңіп алды.
Сондай-ақ «Лучшая проза года» аталымын Дина Валуйских, «Лучшая детская и подростковая литература года «Дарабоз» аталымын – Жанаргүл Айзақова, «Лучшая сатира года имени Есенжола Домбай» аталымын – Аркадий Теплухин, «Лучшая фантастика и детективы года» аталымын – Николай Бычков, «Лучший кино сценарий и дра­матургия года» – Лариса Кольченко лайық деп табылды.
Ал «Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» сыйлығы белгілі жазушы, драматург Дулат Исабековке табысталды.

Гүлмира ҒОСМАНӘЛИ

 

Жауап қалдыру