Қаламгерлердің халықаралық форумы

0
461

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 20-21 қыркүйек аралығында «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты еуразиялық әдеби форум өткізгелі отыр.

Аталған форум Елордамыз – Астананың 20 жылдығына арналады. Бұл шараға Еуразия құрлығының түкпір-түкпірінен шетел қаламгерлері қатысады.

Дәл осындай ауқымды форум 1973 жылдан бері араға 45 жыл салып елордамыз Астана қаласында өтпекші.

20 қыркүйек күні сағат 10.00-де Тәуелсіздік сарайында форумның салтанатты ашылу рәсімі мен «Заманауи Еуразиялық әдебиет» кітап көрмесі және «Әдебиет және жаһандық мәселелер» мен «Аймақтық әдебиеттердің дамуы» атты екі бөлімнен тұратын пленарлық отырыс өтеді.

21 қыркүйек күні сағат 10.00 мен 13.00 аралығында «Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйінде 4 секция бойынша: «Жаңа заман поэзиясы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер», «Жаңа заман прозасы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер», «Драматургияның өзекті мәселелері», «Қазіргі заманғы аударма ісінің хал-ахуалы» тақырыптарында басқосулар өтеді.

Әдеби форум аясында Қазақстан Жазушылар одағы мен Иран Жазушылар Қауымдастығы арасында ынтымақтастық меморандумға қол қойылады. Сондай-ақ ҚР Ұлттық Академиялы кітапханасында Қазақстан –Ресей қаламгерлерінің кездесуі өтеді.

Гүлзия Сәдуақас

Жауап қалдыру