8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күні құтты болсын

0
40

Құтты болсын мерекең!

Әйел, қыздар, сендер көктем гүлісің,
Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.

Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған
Шапақтарың бар әлемге таралған,
Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,
Орындалсын жүректегі бар арман!

Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

Қыз Наурыз қуанышқа бөлесін!
Әкелсінші жаздың жылы елесін!
Халқым менің аман болып елімде
Мерекеге жете берсін келесі!

Кәкен ТЕМІРХАНОВ,
зейнеткер ұстаз.

Жауап қалдыру